Амалдың ақша қары – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Амалдың ақша қары» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2828
Жұт, жаманшылық болмайтын жылдары наурыздың 14-де, міндетті түрде, Маңғыстауда "Амалдың ақша қары " жауады.

Қош келдің, көктем! Қош, қалқам!
Кәрі қыр, баққа жарығыр!
Далама жайған дастархан.
"Амалдың ақша қары" бұл.
Таң Шолпан көзін қаната,
Тосқан-ды талып тағаты.
Далама қонды таң ата,
Сусылдап "Құстың қанаты".
Қыстайғы барын бөле ішіп,
Қанатын қағып тырна - көл,
Бастайды бүгін көрісіп,
Ойдағы ел менен қырдағы ел.
Ақша қар тастап биігін,
Ақ құс боп қонды өріске.
Түседі оның түйірін,
Көтеріп бір-бір періште.
Заманның зауал заһары,
Енбейтін шығар енді еске.
Қақаған қыстың қаһары,
Кетеді ертең келмеске.
Ер болып елін ту қылған,
Жағады жанға шырақтар.
Сұмырай заман тудырған,
Сұмпайы сұлтан – сымақтар.
Жайлайды жарқыл ғаламды,
Жазылып таудың әжімі.
Қыс бойы "қарқылдағанды",
"Қаңқ" еткен жеңіп қаз үні.
"Ақ дала — алтын жөргегім,
Жөргегім — кебін!.. Мақұл!" - деп,
Бүгіннен бастап пенденің,
Кетеді бәрі ақын боп.
Көгіне Ай мен Күн ие,
Төріне ие Асқақ от!
Дүрлігіп ғажап дүние,
Түлейді мүлде басқа боп.
Халайық шерін тарқатып,
Ел болып қастар таныған,
Қалайық бірге дәм татып,
"Алланың дастарханынан!.."


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амалдың ақша қары өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Амалдың ақша қары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Амалдың ақша қары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Амалдың ақша қары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері