Мылқау түн – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Мылқау түн» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1876
Құдайы беріп тағы жарғанаттың,
Тұнжырап қасымда тұр жарғабақ түн.
Саусағын бопса - үміттің сорып тұрып,
Сәлемін мыңқылдаған аңдамаппын.
Зілінен қабағының бақ майысып,
Түседі жұлдыздар да ақпай үсіп.
Қанатын жанып түннің ниетіне,
Көп тышқан қиқулап жүр қаптай ұшып.
Санама сауал болып тықты ай тілін,
Неліктен білмеді Алла, ұқпайтыным,
Тышқанға қанша қанат жапсырса да,
Қараңғы қапасынан шықпайтынын?..
... Қарағым, мен ұқпасты қозғама, тым,
Бар шығар жауабы сай өзге де ақын!
Ол түгіл, шындығында білмейді екем,
Қай жерде қалғандығын өз қанатым.
... Жайына ай да кетті мені қойып, қала тұр,
Қаптаған кіл өлі бейіт.
Ұмытып менің мүлде бар-жоғымды,
Қара түн тіл қатпайды меңірейіп ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мылқау түн өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Мылқау түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мылқау түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мылқау түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері