Махаббат – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Махаббат» атты Светқали Нұржан жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2641
Түнгі аспандай жанарың жаудыраған
Қалай ғана, қарағым, ауды маған.
Мен одан бір ғаламат сезім көргем —
Мұхит көшіп, құрдымға тау құлаған!..
Бойда дәрмен қалмады, әлде — дерек,
Бір сұрапыл басталды жанда әлемет.
Жанарында — тау тулап, мұхит көшкен
Ойнап бара жатырдым қанкөбелек.
Сесім қашып кеткені, сұсым жасып,
Қабағымның жанарың мысын басып.
Жүзіне жел тимеген насырыма
Тұрып алды талайлар тісін қасып.
Тумай жатып жыр деген гүл кешіп ем,
Гүлді - сүрей айрылды мүлде есінен.
Жанарыңның тұтқын боп құрдымына,
Бір-ақ шықтым жаныңның түрмесінен...
Осындай бір басымнан қиял өтті,
Залал қылды демеймін,
Зиян етті.
Зынданында жаныңның кешіп көрген
Айтпай-ақ та қояйын қияметті...
Есім жисам — басынған солығым да,
Күрең гүлді жатырдым — торы құмда.
Ептеп қана дүниенің түсі өзгерген,
Тау да, көк те, мұхит та — орынында.
Сен де тұрсың — бор тасты таяныш қып,
Белге тұтып алыпсың баялышты.
Қос тамшы жас көзіңде мөлдірейді...
...Түрің қандай, қарғам-ай, аянышты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері