Қашаған ақынның «Там Байғазы» тойында – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Қашаған ақынның «Там Байғазы» тойында» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3380
Көктем де келді далама мынау,
ызғары қыстың күрт кеміп,
Бір жасап қалды Тәңірдің шашқан
ризығынан жұрт теріп.
Қызғалдақтардан шашу шашқанда
Кемпірқосақ – бұрым, Қыз - Өңір,
Қашаған жыры көшеді көкте
шумақ та шумақ бұлт болып.
Рахман нұрды сіміріп жатыр,
Сіңіріп жатыр қыр қанбай,
Жерім мен елім екі дүниеде
еншісі бөлінбес бір жандай.
Марғасқа аспан алады кейде
күркіреп жасын лақтырып,
Қашаған ақын толғауын айтып
түгесіле алмай тұрғандай.
Даламда бүгін сөгілмей көбе,
бұзылмай елдің іргесі,
Тірі Абыздарын (сұраңыз бәрін)
күтеді тойдың мінбесі.
Керуен-керуен сонау бұлттарға
ілесе көшкен бу едік,
Шашылып жүрген шақырды бізді
Қашекемді ерткен Жыр көші.
...Бармақтай Бақ боп
Маңдайға Мөрдей басылар,
Қасқа айғырдан қалған
төбел құнанның жүлдесі.
Қара жартастың күрең тамырын
қақ жарып аққан жыр көзі
Алтындай анық! —
Сарқылмай ағып
сыр айтып жатыр күнге өзі.
Ақындық мәңгі жасай берерін
тағы бір мәрте ұқтырып,
Көтерді басын өлеңнің асқақ
ақ шаңқан мәрмәр Күмбезі.
Кешеден жетіп, бүгіннен өтіп,
Ертеңге кетер — Жәдігер!
Жүрегің — жұқа,
Сүйегің — темір,
Бедерің — нәзік,
Тәнің — өр...
Ескі әдетімен ұлы ақындарын
өлтіріп алып байқамай,
Қайта тірілтіп, қайта таңырқап
той тойлап жатыр Тәңір-Ел!
Жыр менен Пірге азаттық беріп,
таныған қайта Атасын,
Тәңір Еліңе табынбай қалай
үйіңде тыныш жатасың.
Жақсыға жорып, жырдың тіліне
көшіріп алып барамын,
Қара тастардан құмалақ салған
Қария Таулар батасын!..
31.05.1991 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашаған ақынның «Там Байғазы» тойында өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қашаған ақынның «Там Байғазы» тойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қашаған ақынның «Там Байғазы» тойында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашаған ақынның «Там Байғазы» тойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері