Мұқағали моласында – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Мұқағали моласында» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1916
Басына барып кайтам мен Мұқағалидың...
Жас кездегі өлеңнен.

Күлі қалғанда Өртенген Жасыл Әлемнің,
Қасыма келгін,
Мұңайма,
Жасыма! — дер кім?.
Қауырсын-ұшақ аспанда жолымды сызып,
Қыршын ақынның тағы да басына келдім.
Ұқсайды Кеңсай жатырған түйеге шөгіп,
Керуен жолды көрсетті күйелеш өрік.
Ардақ ақынның Арының түсіндей еді —
Бейітінде өскен қалыпты шие де солып.
Жауғандай бейне нәсілсіз,
бибақыт көктен,
Көрбағы заманға кез кеппіз Зират үптеткен.
Аза-жыр жазған мәрмәрді (о, тоба, тағы!),
Бейнұсқа біреу талқандап қиратып кеткен...
Қыршыннан қиып тынатын Арысын жырдың
Құбыжықтармен мен де әлі алысып жүрмін...
Құрып бітпеп пе ед Зәузәті,
Шоқан құлпытасын
Қолдиірмен қылған көзі аққыр,
Қары сыңғырдың?!.
Шошындым,
бір үн шығардай көрден ақырған,
Көтердім мәрмәр сынығын жерде жатырған.
Тіріде төрге сиғызбай,
Өліде — көрге,
Жүр ме әлде біреу өш алып
Өлген Ақыннан!?
Мұңдассам деген ақынмен ақталмады арман,
Шыға берді ғой моламды атқандар алдан.
Кеңсайдан қоныс бұйырған —
Қасқа мен Жайсаң
Қайғы мен Кектен Мүсін боп қатқан да қалған.
Жапырағы ұшты дауылдан Өлең-Дарақтың,
Кеп кетті кенет менің де тереңге батқым...
Бауыржан батыр аспанды шаншыла шолып,
Жұмекен ақын тұнжырап төмен қарап тұр...
Кім бар деп едім,
Жанымның азабын ұғар? —
Болмай шықты оған бұл маңның қазағы құмар.
Көзімнен Мәрмәр Тамшылар шашылып кетті,
Әр тамшысында Ақынның Аза-жыры бар...
Айналғандай құмға — су,
Толқын-құмда
Тербеледі ақырын табыт-кеме.
Шыжғырады тандырдай кеші, таңы.
Табыт-кеме —
Көрерің осы тағы.
Ақын тәнін аулаққа апарып сап,
Қайта келіп тұрғандай шошытады.
Тірі — халін, өлінің жайын сұрап
Жатқан жан жоқ.
Сусиды қайыр-сынап.
Тек Ақынның Күмбезі күңгірлейді,
Арнап барғам, —
Жүргенде қайыншылап.
Шағынғандай өксіді Арал-ана,
Теңіз үнін жөнелді самал ала.
...Жыр-күмбездің есігі ашық қапты,
Ақын шығып кеткендей жаңа ғана.
Тұр Әзірге ақынның тұрағы аман,
Айтатын бір сыры бар сірә, маған?..
...Кеткен бе ағам өлген соң көбелек боп,
Тірісінде тұрмаған, тұралаған.
"Сен қайдасың?" — деп едім,
ашты сырын —
Бір үн шықты — жазардай мас кісіні.
Жалғыз шумақ өлеңді еріне оқып,
Қырдың жолын меңзеді Тас Мүсіні.
Түсіп алып сол жолға бір қыр астым,
Ақын ізі — арнасы мұңды жастың.
Сәлден кейін — жолды, ізді, көздің жасын
Жұтып қойды жымиған жым-жылас құм...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағали моласында өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Мұқағали моласында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағали моласында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағали моласында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері