Көктемдегі түнгі елес – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Көктемдегі түнгі елес» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2602
Түн — тылсым бақтан тіл қатты,
Мұң — бүршік жапқан гүлге ақты.
Бұл терезесін жанымның
Кім — тырсылдатқан тым қатты?
Қайырмасы:
Қайран, қаққанда таңдайын кең далам,
Қонғай ақ қанат аққулар көлге аман.
Гүл майысқанда —
Бал құмар көңіл
Тынбай ұшқанда
Кел, маған!
Мен — жимай жүрмін мүлдем ес,
Сан алдым, бірақ, гүлден өш.
Тұр бейнең әлі көзімде —
Сол көктемдегі — Түнгі Елес.
Қайырмасы.
Бақ құшаққа алған жерімнен
Мен сонда неге шегінгем?
Жел боздайды Ерте Көктемде,
Беу, терезесіз көңілден!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемдегі түнгі елес өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Көктемдегі түнгі елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемдегі түнгі елес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемдегі түнгі елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері