Партизан қызы

Бұл бетте «Партизан қызы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3679
(Муза Заслонова)
Сонау бір жылы ел өткен
Еске алса соғыс өзенін.
Қуарып өңі кенеттен
Өртейді қайғы өзегін.
Орманды, терең сайларды
Тасалап, оқты жаудырып.
Қыздырып тылда майданды
Әкесі жүрді жау қырып.
Оққа ұшып, отқа жанбайтын
Атады ел оны батыр деп.
Фашисте зәре қалмайтын
Естісе болды атын тек.
Жаулардың бүзып қоршауын
Өртеніп отқа жалындап.
Орманында Оршаның
Ұйықтады батыр дамылдап.
Құрытып қайғы лажын
Теңселіп қызы құлады.
Сол күні түскен бір әжім
Маңдайында түр әлі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Партизан қызы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Партизан қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Партизан қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Партизан қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері