Көктемді аңсау – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Көктемді аңсау» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1378
(әні бар)

Сайранды өткен менің
Қайран көктемдерім! –
Көзімнен мәңгі
Бұл-бұл ұшпаңдар.
Жетесің өлеңмен,
Өтесің төбемнен,
Сәлеміңді айтып
Мұңды кұстардан.
Барасың қашықтап,
Арасын ашып қап
Жел-саусағыңмен
Ғұмыр-парақтың.
Жалқы түндерімнің,
Талқы күндерімнің
Қауырсын мұңды
Үнін тараттым.
Саңқ етер назды әнім,
Қаңқ етер қаздағы үн –
Түскенде жасын
Сөгіліп көктен.
Оятар бүрлерді,
Боятар гүлдерді —
Жанардан жасым
Төгіліп кеткен.
Араны жалғап кіл,
Барады самғап бір –
Ән-құсым сонау
Жыраққа ұшырған.
Сиқырлап төкші жыр,
Қиқулап өтші бір,
Тағы да менің
Жүрек тұсымнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемді аңсау өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Көктемді аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемді аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемді аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері