Бағдаршам

Бұл бетте «Бағдаршам» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 6158
Светофор – бағдаршам,
Қарсы алдымда жанған шам.
Күндіз-түні, түс кезі,
Жанып тұрар үш көзі.
Өтер кезде көшеден
Қарап алам неше мен:
Жасыл шамы жанғанда
Алға қарай аттаймын,
Сары шамы жанғанда
Сақтық жасап, тоқтаймын.
Қызыл шамы жанғанда
Қозғалып та жатпаймын.
Көшелерден өтудің
Ережесін сақтаймын.
Бағдаршам ба, бағдаршам,
Пайдалы екен аңғарсам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдаршам өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Бағдаршам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бағдаршам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бағдаршам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері