Сөздер – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сөздер» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4828
Мұны жақсы ұғынар
Ақыл-ойы ояулар.
Сөйлегенде құбылар
Әр сөзде мың бояу бар.
Есті құлақ ұғынар,
Ұқпағанмен ауандар.
Сөйлегенде құбылар
Әр сөзде мың әуен бар.
Көп сөйлеме, құрысын!—
Тыңдаушың да жалығар.
Айтып берсең дұрысын,
Әр сөздің бір жаны бар.
Бұл өнерге алайда
Болсаң егер қызығар,
Кейбір сөздің, абайла,
Кесіп кетер жүзі бар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері