Астана. Қыс. Көктайғақ – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Астана. Қыс. Көктайғақ» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3955
Астана. Қыс. Көктайғақ…
Көшелерден өт жайлап:
Машиналар –
Сырғанар,
Сәл кiдiрсе тоқтай ғап.

Мұз ойнақтай:
Көше,
Алаң,
Тайғанақтар өкше одан.
Бүгежектеп, бүгiлiп,
Тiк жүре алмас еш адам.

Күндiз ерiп қар қатқан,
Су жиналар жан-жақтан.
Құм себiлген тастақ жол,
Шарайнадай шаң басқан.

Күн нұрына балбырап,
Тер сорғалап,
Қалжырап:
Шатырға өрлеп шыға алмай,
Сүңгi мұз тұр салбырап…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана. Қыс. Көктайғақ өлеңінің авторы кім?

Өтепберген Ақыпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Астана. Қыс. Көктайғақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана. Қыс. Көктайғақ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Астана. Қыс. Көктайғақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері