Аңсар

Бұл бетте «Аңсар» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 548
Жыр жазып отырам кейде,
Мәңгілік махаббат жайлы.
Қобыздың тілінде сөйлер,
Көкжал жанарындағы қайғы.
...Құстардың қанаты талған,
Сезеді жазира – мезгіл.
Құмдарға көз жасы тамған,
Жаңбырлы маусымдай кез бұл.
Тозақтың отындай шарпып,
Даланы күйдірер аптап.
Толқында қауырсын қалқып,
Жағаны жайлайды батпақ.
Теңізге көз салып шалқар,
Күтесің...
Телміріп нені?
Жағалау тұңғиық тартар,
...Теңіздің сұп-суық желі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсар өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Аңсар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері