Жалғыздық

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Көшелер кірлеген,
Шаршаған көшелер...
Маңдайдың сорындай ауыр,
Бұтақ та бүрлеген, қиялшаң үміттей
Саусағын созады сәуір.
Сен мені қай жаққа апара жатырсың,
Жұтылған соқпақ?
Күңгірт түн ішінен бөрі боп ұлиды...
Жоғалған ауыл.
Түнімен түс көрем, түйсігім байланған,
Құм басқан даланың есірік желі...
Біреуге жолықтым,
Дүдәмал тілімде күмілжіп сұрадым сені.
Ұмыт боп барамыз...
Айтпайды олар да тебіреніп
екеуміз жайлы,
Адасқан ақылдың біз емес соңы.
Жаныммен жүдедім
мәңгілік махаббатымды
Санамнан қуып,
Соңымнан ергені сормаңдай күдік.
Есен бол енді!
Ертеңгі аманатыңды кеудеме сақтап,
Жалғызға айналған
жақындарымның соңынан
барамын қуып…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері