Естелік сазы

Бұл бетте «Естелік сазы» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 511
Талып естілген музыка әуеніне арбалған,
Сені қара жол бойынан күткелі...
Уақыт аунады.
Биыл көктемде көк жүзі мұнартып,
Шалғайдан көз жасың
жаңбыр боп саулады.
Ұзақ жыл естілмеген скрипканың сазы,
Айтылмайтын естеліктерімнің де
жүзін әжім торлады.
Дымқыл ауаны тескен ағаш
бұтақтарына тесілдім,
Бәлкім, мен әлі де байырғы
шытырман жолдамын.
Артыма бұрылып қарамағалы қашан...
Ескі үйдің терезесінен
мұнартқан аумаққа көз тастап...
Бүгін тасадағы ғажайып мекеннің
есігін аңдамай аштым,
Ұмытылмайтын ескі әуеннің
желігі бастап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естелік сазы өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Естелік сазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Естелік сазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естелік сазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері