Ғасырлардың жады толған қасірет – Әскерхан Ақтай

Бұл бетте «Ғасырлардың жады толған қасірет» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.11.2020
  • 0
  • 0
  • 768
Ғасырлардың жады толған қасірет,
Мүсіндерде саңғырық.
Ғұнның ғана жанарында жасыл от.
Аспан асты жаңғырық.
Өзегінде тарихтың шер нала,
Өксік аққан арна мың.
Көтеретін бұ ғаламда жер ғана.
Көз жасының салмағын.
Замананың көрі бәлкім қазылған,
Шалқып ішкен шараптар.
Улы жаспен жылан бауыр жазылған,
Шимай шатпақ парақтар...
Қорғасын бұлт, жерге жетер нұр әрең,
Иініңде ауыр мұң,
Күнде қырық құбылады бір әлем,
Аспанындай сәуірдің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғасырлардың жады толған қасірет өлеңінің авторы кім?

Әскерхан Ақтай — осы өлеңнің авторы.

Ғасырлардың жады толған қасірет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғасырлардың жады толған қасірет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әскерхан Ақтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғасырлардың жады толған қасірет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері