Бұл бетте «Іңір әлдиі» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тізгініне кім ие,
Күн бір ұшқан күміс шар.
Шиыр ізді дүние,
Шылбырынан кім ұстар?
Жер теңізде тербелген,
Ғасыр-көшкен керуен.
Бір шетінде сергелдең,
Бір шетінде серуен.
Ұрттағаның ұртыңда,
Татқан дәмің таңдайда.
Сұрмерген ту сыртыңда,
Тағдырың тұр маңдайда.
Қалың тағдыр-қара ағаш,
Топыраққа иілсең.
Жер астында жалаңаш,
Жер бетінде киімшең...
Желкілдейді тал билеп,
Жез бұйдалы жел көшіп.
Іңір сазы әлдилеп,
Тербетеді жер бесік...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі