Ғасырлардың жады толған қасірет
Бұл бетте «Ғасырлардың жады толған қасірет» атты Әскерхан Ақтай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғасырлардың жады толған қасірет,
Мүсіндерде саңғырық.
Ғұнның ғана жанарында жасыл от.
Аспан асты жаңғырық.
Өзегінде тарихтың шер нала,
Өксік аққан арна мың.
Көтеретін бұ ғаламда жер ғана.
Көз жасының салмағын.
Замананың көрі бәлкім қазылған,
Шалқып ішкен шараптар.
Улы жаспен жылан бауыр жазылған,
Шимай шатпақ парақтар...
Қорғасын бұлт, жерге жетер нұр әрең,
Иініңде ауыр мұң,
Күнде қырық құбылады бір әлем,
Аспанындай сәуірдің...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі