Бұл бетте «Қарлығаш құс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау.
Ауада жалт-жұлт етiп,
Мың құбылып ұшып,
Көзге көрiнбейтiн жiптердi
Бiрде байлап,
Бiрде шешiп жүргендейсiң;
Қанатты қайшы құсап
Көзге көрiнбейтiн маталарды
Бiрде пiшiп
Бiрде кесiп жүргендейсiң...
Қанатыңның сусылы
Менiң көңiлiмнiң
Желпiнiп, елiккенiндей...
Ұяңа қаланып жатқан
Саз-балшықтың әр түйiрi
Өлеңнiң әрiптерiндей...
Бiр тынбайтын,
Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi,
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі