Бұл бетте «Жолаушы ғұмыр» атты Әскерхан Ақтай жазған өмір туралы өлең берілген.
Кербез жоталар, кертік қыр,
Керуен сазға елітіп бір.
Себезгі жаңбыр себелеп,
Сезімнің қылын шертіп тұр.
Пана бола ма, тор құсқа,
Қолдауға сені қол қысқа.
Жолықпай кетсең қайтесің,
Жолаушы ғұмыр-жол қысқа.
Жайғанда көңіл желкенін,
Табама жаның дерт емін.
Кездеспей кетсең қайтесің,
Керуен дүние-келте күн.
Көсемсігендер көз аңдыр,
Шешенсігендер сөз аңдыр...
...Бозбала ғұмыр секілді-ау,
Бозала мұнар, бозаң қыр.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі