Арқалды

Бұл бетте «Арқалды» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1037
Арқалды – ар жағы құм, бер жағы қыр,
Жолаушы құм жағында болған ығыр.
Жотаға шыққан бетте айқай салып:
«Арқаның басы ғой деп алдағы бұл».
Жотаға шыға сала бұлақ тапса,
Алакөл ар жағында сылаң қақса,
Зарығып туған жерге тисе табан,
Адамға рақат бар ма бұдан басқа?!
Дәл сондай рақат кешіп көрмегесін,
Сағыну қиын туған жердің төсін.
Махаббат – арып-ашып сүйе білу,
Топырақ, жер киесін, ел мүддесін.
...Жас Шоқан Қашқар жақтан қажып өтіп,
Жотаға жеткен осы тәжім етіп,
Таяғын қадай салған шығар, бәлкім,
– Арқаның алды ғой, – деп қазық етіп.
Көк мұнар көлді көріп одан әрі,
Көкшенің түсті ме еске жағалауы?
Тұрды ма ес жия алмай сағыныштан,
Көзінен жас боп тамып жан алауы.
Сол ма екен «Арқа алда» деп айқай салған,
Басқа ма, кім айтқа
нын қайдам...қайдам?..
Сағынған Сарыарқаны біреу шығар,
Жер атын дәстүр жоқ қой ойдан қойған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арқалды өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Арқалды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арқалды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арқалды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері