Тай мінем – Егеухан Мұқамәдиқызы

Бұл бетте «Тай мінем» атты Егеухан Мұқамәдиқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1432
Жазда жайлау,
Бие байлау,
Өте қызық тамаша.
Топ-топ бала
Құмарлана
Жүгіреміз жараса.

Құлын ұстап,
Алсақ ұшпақ,
Желіге әкеп байлаймыз.
Мақтана біз шаттанамыз
Ауыл салты тойлаймыз.

Тай мінгенде,
Мөңкігенде
Жалдан ұстап аласың.
Болсаң да мәз,
Тәжірибе аз,
Оқыс құлап қаласың.

Ызаланып,
Намыстанып,
Тайға қайта мінесің.
Жігерленіп,
Бермей ерік,
Бас білгізіп жүресің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тай мінем өлеңінің авторы кім?

Егеухан Мұқамәдиқызы — осы өлеңнің авторы.

Тай мінем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тай мінем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Егеухан Мұқамәдиқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тай мінем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері