Сары аязда қата ма – Ақтамберді жырау

Бұл бетте «Сары аязда қата ма» атты Ақтамберді жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.11.2015
  • 0
  • 6
  • 22105
Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы?
Қап түбінде жата ма
Болаттың асыл сынығы?
Халқың тозып, кем болмас,
Әділ болса ұлығы.
Рақымсыз жақыннан
Халқы қатты түңілер.
Сырқат болсаң жат жерде,
Жаныңа кім үңілер?!
Әділ туған жақсыға
Екі даугер жүгінер,
Тізесін қисық бұрмаса,
Асылдығы білінер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (6)

Орал

Ойы оте анык . Маган унады.

Дастан

Рахмет бәрі түсінікті

Есимхан

Ұнады . Рахмет

Актау

Дым унаған жоқ

Аружан

Өте керемет

Мағжан

Маған ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері