Мысықтың айласы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2055
– Мияу, мияу, мияу, – деп,
Аш Мысық жүр бұралып.
– Зәлім Мысық мынау! – деп,
Тышқан танып тұр анық.

Шығар емес інінен,
Жатыр бұғып жай ғана.
Алдайын деп мұны мен,
Мысық көшті айлаға.

Даусын кенеп бір тұстан,
«Әуп-әуп» деді, «ыр-р» деді.
Ит деп ойлап сұр Тышқан:
– Тиіспейді бұл, – деді.

Шыққан кезде інінен,
Нағыз шатақ басталды.
Аңдып жүрген күнімен
Мысық бірден бас салды.

Майлап солай құлқынын,
Пеш қасына кеп отыр.
– Шет елдің де бір тілін
Білген жақсы! – деп отыр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысықтың айласы өлеңінің авторы кім?

Асқаржан Сәрсеков — осы өлеңнің авторы.

Мысықтың айласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мысықтың айласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқаржан Сәрсеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысықтың айласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері