Бәрі әлдиден басталсын

Бұл бетте «Бәрі әлдиден басталсын» атты Нұрхан Жанаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1674
Тіл үйрету бөбекке,
Басталады әлдиден.
Тіл үйрету керек пе,
Шығар тілі әлдимен.

«Әлди, әлди, бөбегім! –
Әліппесі тіліңнің.
«Әлди, әлди, бөбегім! –
Бастауы үлкен білімнің.

«Әлди, әлди, бөбегім!» –
Болсын бесік өлеңің.
Сол әуенің, өлеңің,
Желкілдетер желегін.

«Ана» сөзін айтқаны –
Танығаны тілін де.
Өзін-өзі тапқаны,
Саулық тіле гүліңе.

«Ата» сөзін айтқаны –
Жігіт болдым дегені.
Жасыл желек бақтағы:
«Жеміс пісті» дегені.

Тіл үйрету бөбекке,
От басынан басталсын.
Балабақша, мектепте
Одан әрі жалғассын.

Сонда ғана елінің,
Сонда ғана жерінің
Болар азаматы үлкен –
Биіктен айтар өз үнін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі әлдиден басталсын өлеңінің авторы кім?

Нұрхан Жанаев — осы өлеңнің авторы.

Бәрі әлдиден басталсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі әлдиден басталсын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрхан Жанаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі әлдиден басталсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері