Екі жирен (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Екі жирен (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2201
Ғыззатлу хат жазамын, қалқам саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға құр жастықпен өтті заман.

Қайырмасы:
Әй!
Екі жирен,
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ай,
Жаным сүйген.

Қарағым, айналайын, меһірбаным,
Көрмеді ешбір рахат сенсіз жаным.
Айырылып сенен, сәулем, кетіп қалсам,
Жалғанда екі бірдей болмас мәнім.

Қайырмасы:
Әй!
Екі жирен,
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ай,
Жаным сүйген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері