Қыз қиялы – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қыз қиялы» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2820
Өткен бойда жанап сіз,
Еседі бір жақсы леп.
Күтейінші тағатсыз,
Тереземді қақшы кеп.
Ашылады күлкім де,
Көңілімде де кеңіген.
Бірге болып бұл түнде,
Қыдырайын сенімен.
Таңның жұтып арайын,
Қолқаласаң өтініп.
Шәмші әндерін салайын,
Құшағыңда отырып.
Кетіппін ғой қиялдап,
Келсең, саған ердім мен.
Болмай енді ұялшақ,
Сүйгізейін ернімнен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз қиялы өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қыз қиялы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз қиялы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз қиялы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері