Ораза – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Ораза» атты Шөмішбай Сариев жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2022
  • 0
  • 1
  • 2233
Тірліктің риясыз Күні осында,
Әруақ,Пайғамбардың пірі осында,
ОРАЗА – тылсым күші тазарудың,
ОРАЗА – бес парыздың бірі осында.
Салт-дәстүр, жоралғы ырым жолдан енсе,
Ғайыптан ғажайыптай орманға енсе.
Айлардың падишасы – Рамазанда,
ОРАЗА ҰСТАУ ПАРЫЗ – қолдан келсе!
Өтетін жандар аз ба сағым күйі,
Күй болған Құдіретті Әмір күйі,
РАМАЗАН АЙЫНДА БҰЛ ҚҰРАН ТҮСКЕН,
ҚҰРАН БҰЛ – ҚСИЕТТІ ТӘҢІР СЫЙЫ!
Қос ішектен күмбірлер күй қанаты,
Тең келмес тіршілікте сыйға заты.
ОРАЗА – ауырлықтан азат еткен,
Тәңірдің өзі берген ғибадаты!
Бәрінде құпияның білмес пендең,
Бақытты зерделейтін күн кештірген.
ОРАЗА – іштей тынып ойға батып,
ЖАРАТУШЫ ТӘҢІРМЕН ТІЛДЕСТІРГЕН!
Оңай ма Маусым, Шілде, Тамызда өтеу,
Адамға оңай ме еді қарызды өтеу.
ОРАЗА ойлы жанға жәрдем етіп,
Тәңірдің алдындағы парызды өтеу!
Құсты білмес құс болып ұшпаған жан,
Қиямет алып шығар қысталаңнан.
Рамазан айында бұл қасиетті,
Оразаң қабыл болсын Ұстаған жан!
Тағы да таңғы азаннан еніпті-ау күн,
Ағайын, туған-туыс келіпті аулың,
Ел-жұртқа берген асың қабыл болсын,
БАЕРІКҚАЙЫР ПЕРЗЕНТІ СЕРІК БАУРЫМ!
Тағы да бір күніміз өтті асыға,
Ие боп тұлпар өмір ноқтасына.
МҰСЫЛМАН БАЛАСЫ ДЕП АМАНДЫҚТЫ,
ТІЛЕЙМІЗ,
ӘРБІР ҚАЗАҚ ОТБАСЫНА!!!

18 ШІЛДЕ 2014 ЖЫЛ


Пікірлер (1)

Айжан

Бұл «Ораза» атты өлең қасиетті Рамазан айының рухани мәнін ерекше әсерлі жеткізген поэтикалық шығарма. Онда Автор (Шөмішбай Сариев) оразаны тек аштық қана емес, жүрек пен жанды тазартып, Аллаға шын ықыласпен жақындайтын құлшылық ретінде ашады. Шығармада Рамазан айы мен Құранның түсуі, ораза ұстаудың парыз екені және адамға әкелетін жақсылық пен сабырдың маңызы терең бейнеленген. Осындай өлеңдер оқырманға рухани ой салып, иман мен адамгершілікке деген түсінікті кеңейтіп береді және Рамазанның қадір‑қасиетін қайтадан ойлантуға шабыттандырады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ораза өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ораза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ораза өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ораза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері