Тост – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Тост» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2903
Құдағилар,
Құдалар!
Достасуға келдім мен,
Басымызға тағы бір бас қосуға келдім мен.
Оң аяқпен қызыңыз келін болып аттайтын,
Өкілімін елдің мен.
Жету үшін сіздерге арғымақтай арқырап,
Желмаядай желдім мен.
Төбе би боп отырмын төбесінде төрдің мен.
Татулықтың жемісін,
Туыстықтың жемісін,
Талай рет тердім мен.
Жас отаудың құрылған жаққызатын шырағын,
Асқар таудың баурынан аққызатын бұлағын,
Қос жүректің қосылған айтқызатын шын әнін,
Күмбірлеген күйлердің тартқызатын шынарын,
Көтеретін көңілді құдашалар сынағын,
Таныстырар көліне қос аққудың сыңарын,
Табыстырар екі елді елшімін мен – құдамын.
Ей, құдағи, құдағи,
Кемсең - кемсең жылама,
Қуаныш бұл, орынсыз көздің жасын бұлама.
Қимастықпен бір қарап ұясына қызыңыз,
Ұшқалы тұр ұшқалы қиясына қызыңыз.
Құшқалы тұр сүйгенін, азаматын, арысын,
Куә қылып құрбысын, көршілерін, танысын.
Өзгерткелі тұр және балалықтың қонысын,
Алалықшы тойшылар, алалықшы сол үшін,
Екі жастың алдағы ұзақ – ұзақ жолы үшін!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тост өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Тост өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тост өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тост өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері