Ұлыма – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ұлыма» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5271
Өмір – ағын сырынан не білесің,
Асықпа, әлі төзімді кеміресің.
Өмір – айқас,
Сен оны думан деме,
Не жеңесің,
Немесе жеңілесің.
(Думан болса думан тек саған балам,
Кейде алғыс,
Кейде сөгіс маған, маған.
Босқа келіп кетеді дүниеге,
Ғашық отын өмірдің жаға алмаған).
Жүрегіңнен іңкәрлік жыр естіріп,
Байқатпай-ақ әркіммен күрестіріп.
Қақпақыл ғып ойнатып, ойландырып,
Толқынына кетеді ілестіріп.
Бақ дегенің түк емес басқа қонса,
Бола көрме сол шақта асқақ онша.
Ең соңғы әлің біткенше күресе біл,
Лақтырып жағаға тастағанша.
Жеңімпаз боп келсе егер күлімдегің,
Жасымағын ешқашан түңілмегін.
Қалқып жүрмей бетінде дарияның,
Дұрыс ұлым тереңге үңілгенің.
Әуелесін биікке арман – арың,
Мәуелесін бағыңда алмаларың.
Сезім деген кінәмшіл, дұрыс ұлым,
Жүректерге қара дақ салмағаның.
Сапарласың сатқын боп, күймелесің,
Ұзақ жолда сан-сапат күйге енесің.
Өмір – ұстаз, зердеңе жазғаныңды,
Үйретесің және өзің үйренесің.
Ақтарсам деп ой келді саған бүгін,
Көңіл сырын жасырмай саған күнім.
Алдыңда әлі
Сорыңда,
Бақытыңда,
Жоғалмасын тек ұлым,
Адамдығың!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлыма өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ұлыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері