Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1262
Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым,
Саған деген сағынышым тарқасын.
Мен қасыңда келе жатқан жоқпын ба,
Неден жаным, қорқасың?
Мен сен үшін шыға аламын майданға,
Мен сені іздеп таба аламын қайдан да.
«Сүйем деші...»
Ұяласың сен неден,
Аспандағы айдан ба?
Тұрсың қазір малынып кеп арайға,
Тек өтінем, ұялмашы, жарай ма?
Тек өтінем, қиялдашы, жарай ма?
Зерлі аспанда жымыңдаған жұлдыздар,
Куә болған талайға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері