Ақ көйлекпен шығып ең – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ақ көйлекпен шығып ең» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1582
Көктем келіп жатқан кезде бақ гүлдеп,
Ынтығасың көкке қанат қаққың кеп.
Ақ көйлекпен аққудай боп шықтың сен,
Айтқаның ба, «жаным таза, пәкпін» деп.
Шын бақытты жанардан-ақ оқырлық,
Көк шалғынға құшақтаса отырдық.
Дір еткізіп, от денемді бір сезім,
Кенет мені билеп кетті батылдық...
Онан соң да, онан соң да сүйгенім,
Еркімді алып талай рет биледің.
Кездесуге шыққанменен сен бірақ,
Енді қайтып ақ көлекті кимедің...
Ақ көйлегің қол бұлғаған арман ба,
Бақытым-ау бар екенсің жалғанда.
Өзің бе деп елеңдеймін әлі мен,
Ақ көйлекті қыз жалт ете қалғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ көйлекпен шығып ең өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ақ көйлекпен шығып ең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ көйлекпен шығып ең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ көйлекпен шығып ең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері