Көзіңдегі сырды үнсіз – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Көзіңдегі сырды үнсіз» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1239
Көзіңдегі сырды үнсіз,
Ұғушы едім.
Шақырғанда кірбіңсіз,
Шығушы едің.
Екеуміз де бал құрақ,
Балауса едік.
Атқан таңға албырап,
Қараушы едік.
Ажырассақ сағынып,
Қалушы едік.
Ақ жүректе ақ үміт
Жанушы еді...
Сол күндерден қалды іздер,
Жосылып-ақ.
Тынышталдық ал біздер,
Қосылып ап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзіңдегі сырды үнсіз өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Көзіңдегі сырды үнсіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзіңдегі сырды үнсіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзіңдегі сырды үнсіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері