Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1446
Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде,
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме.
Хайям айтқан бір әнді айтшы, аяулым,
Жаным мұңлы бір нәрсеге қаяулы.
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме.
Шираз үстін көмкереді ай нұры,
Ал жұлдыздар бүркей ме екен қайғыны.
Ұнамайды осы дәстүр еш маған,
Гүл қыздарды перде астында ұстаған,
Шираз үстін көмкереді ай нұры.
Әлде тәнін отты лептен қорғай ма,
Кетпейін деп, кетпейін деп, тез еріп.
Әлде Ерді құпиямен арбай ма,
Перде астында ләззат ерін кезеріп.
Дос болмашы қымбаттым, сол пердемен,
Ұғынып ал осы ойды жан тербеген.
Өмір қысқа және бізге табиғат.
Сүйісуге ұзақ мерзім бермеген.
Ұғынып ал осы сөзді
Жан жүйеңді тербеген.
Ажарсыздың да жұрт сүйсінер құлқы бар,
Тамаша ғой бетке біткен шіркін әр.
Жаратылыс берген әрді тұмшалау,
Бұл күнә ғой,
Бұл күнә ғой, бұл-күнә.
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме,
Болмау керек жүректерде қаяу-мүң.
Түс көремін, өзгеше әлем ояумын,
Ақын Хайям шерте алмаған әуенді,
Мен шертемін өзіңе арнап, аяулым,
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері