Армансың сен, Армансың – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Армансың сен, Армансың» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1749
Әні: Ғалымжан Сағынбаевтікі

Қалған шақта кездесе,
Ұшқын атар көзіңде.
Ал мен болсам өзгеше,
Бөленемін сезімге.

Қ –сы:
Армансың сен армансың,
Айсың маған көктегі.
Алғансың сен алғансың,
Асылым боп тек менің.

Төсіңдегі қос алма,
Әп -әдемі бұлтылдар.
Деймін неден жасалған,
Есімді алған құрғырлар.

Қарай берші осылай,
Көңілімді қайтармай.
Аспандағы асыл ай,
Жүрмін сырды айта алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері