Отанымның жауына ор қазам, – деп – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Отанымның жауына ор қазам, – деп» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1356
Отанымның жауына ор қазам, – деп,
Тарихтың жарқын бетін жазам, – деп,
Лақылдаған оққа ұшты, жас дәурен,
Лапылдаған отқа түсті, жас дәурен.
Демейтұғын күшім бітіп таусылды ой,
Жастық деген батыл болар маусым ғой.
Замандас–ау, осы шақта,
Бір лапылдап көрмесең,
Қарыздарсың аяулы Отан, елге, сен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері