Ұйқыда бар әлем

Бұл бетте «Ұйқыда бар әлем» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1534
Ұйқыда бар әлем,
Мен жалғыз ояумын.
Заматта барар ем,
Алыссың, аяулым.
Шалқитын теңіз боп,
Сол таңдар атсын да.
Бұл түнде мені іздеп,
Сен де әлде жатсың ба?
Жүрегім от дер ем,
Ұнатқан үшін бе.
Өзіңді көп көрем,
Көп көрем түсімде.
Керемет көркің де,
Сәулесі жанса айдың.
Таусылып еркім де,
Аңсаймын, аңсаймын.
Қанша айлар өтпеді,
Жаныммен бірсің бе.
Бір көрсем деп мені,
Аяулым, жүрсің бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқыда бар әлем өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ұйқыда бар әлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқыда бар әлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқыда бар әлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері