Өлең, жыр, ақындар

Ит дүние

  • 19.03.2015
  • 1
  • 3
  • 21961
Бұ дүние жолдас емес адамзатқа,
Кетедi, қайта тастап жанған отқа.
Дүниенiң жамандығын көзiне айтып,
Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа.

Бұ дүние қыларына тимек шырын,
Аунасаң, кетiресiң ердiң түрiн.
Аулад адам жаралған барша жанды
Келесiң бәрiн тастап бiрiн-бiрiн.

Ойласам, дүние iсiнде жоқ-ты сапа,
Баршасын жолдасыңның қылдың қапа.
Бәрiн де қарайғанның налытасың,
Мақұл ма осының да, ей, би опа?!

Ит дүние, қарамайсың Құдайға-ай сен.
Тұрмайсың бiр қалыпта орайға-ай сен.
Басынан не ерлердiң кештiң желдей,
Баяндап кім ге тұрдың қуармай сен.

Ит, дүние, сен бiр сәурiк айғырдайсың,
Ешкім дi өз бетiңмен бай қылмайсың.
Қуасың әлi оны , әлi мұны,
Тыныштықпен еш қысырақты жайдырмайсың.

Артыңнан иең қуып өкпесi өшер,
Қайта оған қуанасың, қайғырмайсың.
Сенім нен ат –тоныңды ала қашып,
Сараңнан табаныңды тайдырмайсың.

Қуады, дүние, сенi, барша халық,
Сен деп жүрiп өмірi өтер, ғапыл қалып.
Сен иттiң жаның ырза, жолдасың сол.
Iшпей, жемей, шанашқа қойса салып.

[Iш]iп-жеп, не керегiң кимеген соң,
Шашып, төгiп жүрудi сүймеген соң.
Мәлім ғой ақыретте берер пайдаң,
Жалғанда бiр сiлемің тимеген соң.

Бiр бақса, дүние, сенi шаруа бағар,
Бағудың шаруа сорлы бабын табар.
Жеткенге қадiрiңе айланасың.
Кейбiреу қадiрсiз қып жаудай шабар.

Бабыңды, дүние, сенiң адам таппас,
Үйiнде батпаушылар тыныш та жатпас.
Бас-басы саған пәле дүние жиған,
Мал сойса, сейсенбi күн саған жақпас.

Құдайым алайын деп қаһар қылса,
Деймісiң сәрсенбi күн ебiн таппас.
Қайда ағаштың басасың қайғы басын.
Сол үшiн саған менiң көңiлім шаппас.



Пікірлер (3)

Мөлдір

Кейбір адамдарды түсіну қиын! Қалайша үнамайды?

Али

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Ит дүние» өлеңі — қазақ классикалық поэзиясындағы терең ойлы туынды, онда дүние мен адамзат өмірінің өткінші табиғаты сатиралы тілмен шебер суреттелгені байқалады. Ақын бұл шығармасында «дүние» дегеннің мән‑мақсатын, уақыттың өтпелілігін және жалған дүниенің адамға беретін қызығушылығын сынмен көрсетеді.

Өлеңде «ит» деген бейнелі сөз арқылы дүние тікелей әрі әсерлі салыстырумен беріледі: ол адамды өзіне жетелейтін, уақытша құндылықтарға байланған дүниенің шынайы мағынасын ойландырады. Өлең оқырманға өмірдің қысқалығы мен жалған дүниені тым жоғары қоятын адамға терең ой салатын поэтикалық философияны жеткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Әдһам диуана және Ибраһим

  • 0
  • 0

Жаратқан жан біткенді жаббар халық,
Күнелткен аяқ-қолсыз суда балық.
Бұрынғы замандарда бір ғаділ хан,
Балыхта қылған екен патшалық.

Толық

Кедейліктің арқаны

  • 0
  • 2

Балалар, жал.қау болма, шабан тартып,
Ілгері ұмтыла бас, күн - күн артып.
Арқаны кедейліктің - еріншектік,
Желкеңнен жібермейді мықтап тартып.

Толық

Ықылас сүресі

  • 0
  • 0

Құдайға шексіз шүкір, сана сансыз
Өлім хақ, ол келеді бір күн аңсыз.
Алланың бірлігіне тәсбих айтар
Жаралған күллі ғалам жанды-жансыз.

Толық

Қарап көріңіз