Ең сұлу ай

Бұл бетте «Ең сұлу ай» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1872
Ару Май!
Табиғатта ең сұлу ай, әдемі ай,
(Достық күнін таңдай білген адам-ай).
Қыраттарға, хош иісті бақтарға,
Өтіп көрші көзіңді бір қадамай.
Тыншымайсың жүрегіңе от орап,
Гүл атады сенде нәзік махаббат.
Осалсың ғой,
Осалсың ғой бұл кезде,
Болсаң да асқан сезіміңе қатал-ақ.
Жасарып тұр бар дүние көкпеңбек,
Құмартасың «мақсатыма жетсем», – деп.
Кешіресің, кешіресің жастардың,
Мұндай кезде қызбалығын «көктем», – деп.
Өтіп көрші көзіңді бір қадамай,
(Ашық жанды, ғашық жүрек адам-ай).
Махаббат бар,
Нәзіктік бар,
Пәктік бар,
Табиғатта ең сұлу ай, әдемі ай –
Ару Май!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең сұлу ай өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ең сұлу ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ең сұлу ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ең сұлу ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері