Сағындым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сағындым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 9974
Жырымды алғаш тыңдаған
ауылымды сағындым.
Қош айтып қол бұлғаған
бауырымды сағындым.
Ақша бұлты жарасқан
аспаныңды сағындым.
Қуыршақ ойнап таласқан
достарымды сағындым.
Еркелеткен жасымнан
ағаларды сағындым.
Мейірім төккен асыл жан –
жан анамды сағындым.
Таң нұрымен даланың
жайнағанын сағындым.
Әнші құстар таң әнін
сайрағанын сағындым.
Жазғы кеште тербеткен
самалыңды сағындым.
Кеше ғана сенде өткен
бала күнді сағындым.

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сағындым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері