Жамал-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жамал-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1883
Қызыл нардың басындай ала ноқта,
Ақ жүзіңді көрейін,айнам,тоқта.
Жерің шалғай болса да іздеп келдім,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма,жоқ па?

Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым,қалқаш,саған-ай.

Ер салдырдым той болса құла сұрға,
Қу алдырдым жас күнде лашынға.
Тасқын судай тасыған тентек көңіл,
Жылдан жылға барады жуасуға.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері