Басымды айналдырды-ау мұң аптабы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Басымды айналдырды-ау мұң аптабы» атты Фариза Оңғарсынова жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3384
Басымды айналдырды-ау мұң аптабы,
еніп ем тәтті қиял құшағына.
Жаныма жақындамай жырақтады
арманым ақ сағымға ұсады да.
Жан, жүрек, ой, қиялым сендік еді,
зулайтын саған қарай үміт-кемем.
өн бойым хатыңа да елжіреді,
сенуші ем, болмайтын-ды күдік деген.
Көңілімнің арман туы самалменен
қиын-ау қайта тағы желбірері...
Мөп-мөлдір сезімдерім саған деген
есейтіп жібергендей енді мені.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері