Балықшы қыздың әні

Бұл бетте «Балықшы қыздың әні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4636
Асыр сап өстім ерке көк теңізде,
Жап - жас қыз – балықшы! – деп, сөкпеңіз де!
Алыссақ асау толқын құшағында,
ерігіп жүргеміз жоқ текке біз де.
Долы жел гулесе оттай лапыл қағып,
бұлқынар асау толқын қатуланып.
Бәрі де елең емес балықшыға,
өйткені ол сескенбейтін батыр халық.
Өйткені толқында өстім жас шағымнан,
өзімді сезіп сонда асқақ ұлан.
Өйткені перзентімін табиғаттың,
жан сырын көк теңіздің жастан ұғам.
Тотықса ақша бетім – шыныққаным,
жігітім, шошып қалма, сынып сағың.
Немене көмірдей деп, қабақ түйме,
жас жаным – нәзік, ерке қылықтарым.
Сырына асау теңіз болсаң құмар,
біз кеттік, қалып қойма, барсаң, жүр, ал!
Каспийдің, кеш өкінбе әлі талай,
қызы да, балығы да тамсандырар!

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балықшы қыздың әні өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Балықшы қыздың әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балықшы қыздың әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балықшы қыздың әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері