Жақсы өлең

Бұл бетте «Жақсы өлең» атты Фариза Оңғарсынова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3875
Көңілім өлең сиқырын жүр аңғармай:
өмір кешіп, қалғандай шырақ жанбай
отырамын жабырқап, жүдеп көңіл,
мұң, ыза, наз жиналып жүрекке кіл.
Сонда жақсы жыр оқып нұры армандай,
жадыраймын, жанымда мұнар қалмай,
сол өлеңді дәл өзім шығарғандай.
Қылаң берер емес-ау алдымда әлі
Махамбеттің, Абайдың шалғындары...
Сыр бермейді сырлы өлең, жүдесем де
көңілім – дауыл, күшім аз күрестерге.
Ұқтырмасын сиқырын бал құндағы –
тек жасағай жақсы өлең – жанның нәрі!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы өлең өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жақсы өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жақсы өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері