Оқушылар жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Оқушылар жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 1
  • 3350
Бақытты біздер баламыз,
Баулығын Отан – анамыз.
Көңілде шексіз қуаныш,
Шырқатып әнге саламыз.
Күлімдеп көкте күніміз,
Құлпырып қырда гүліміз,
Жанымыз нұрға бөленіп,
Шалқиды шаттық жырымыз.
Табиғат сырын ашамыз,
Өмірге өнер шашамыз.
Асу жоқ біздер алмайтын,
Үнемі алға басамыз.
Бақыттың қайнар бұлағы,
Өмірдің өшпес шырағы,
Сүйеміз жарқын өмірді –
Сүйікті елдің жыр-әні.


Пікірлер (1)

Шаттық

Тақпақ

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері