Жыл құстары – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жыл құстары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4358
Жыл құстары көктемде
Керуендеп келеді.
Күн қызуын төккенде,
Серуендеп келеді.
Оңтүстікте көп жерде
Болғандығын айтады.
Айдын-айдын көлдерге
Қонғандығын айтады.
Тәтті тұрмыс аңсаған
Балаларды айтады.
Бала күтіп шаршаған
Аналарды айтады.
Бізге достық сәлемін
Жолдағанын айтады.
Бейбіт күнді әлемнің
Қолдағынын айтады.
Біздің елдей бай елді
Көрмегенін айтады.
Әділдікпен әлемді
Тербегенін айтады.
Қуанышпен жыл құсын
Жылда қарсы аламыз.
Мақтап елдің тұрмысын,
Шырқап әнге саламыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл құстары өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жыл құстары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыл құстары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл құстары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері