Апеллес пен қодық

Бұл бетте «Апеллес пен қодық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1146
Өзін-өзі сүйер болса кім қатты,
Өзгелерге күлкі болар тым қатты:
Ол көбіне мақтанады зорлыға,
Ұялудың орнына.
* * *
Қодықпенен кездесіп қап Апеллес,
Қонаққа оны шақырды.
Қодық бірден шатылды,
Мақтаншылық оған сірә жат емес.
Былай деді аңдарға: «Апеллестен анық тым
Мен қатты жалықтым:
Шақырады қонаққа, көре қалса болғаны,
Менімше, ойы сондағы –
Сурет салмақ мені ұқсатып Пегасқа».
«Олай емес, – деді Апеллес жақын кеп, –
Кесіп алып, ақыл деп,
Құлағыңды сыйламақ ем Мидасқа.
Көп көрсем де есектердің құлағын,
Осы өңір, маңайда
Сенікінен алайда,
Ұзын құлақ көре алмадым, шырағым».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апеллес пен қодық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Апеллес пен қодық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апеллес пен қодық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апеллес пен қодық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері