Қуанамын сені көргенде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қуанамын сені көргенде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1958
Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Қуанамын сені көргенде,
Үнің қандай сырнайлы.
Жайраң қағып жақын келгенде,
От жүрегім бірге жырлайды.
Тілдесейін енді дегенде,
Сөз таппаймын саған ыңғайлы.
Іштей тынып, ыстық денемде
Керемет бір толқын тулайды.

Қайырмасы:
Арманым да,
Ардагым да
Бір сен гана,
Үмітімді тек қана алдама.
Күнім алтын,
Жүзім жарқын,
Күлсең ғана,
Атқандай болады таң жаңа.

Таңертең де, түсте, кешке де
Асығамын сендей асылға.
Кездескен күн алғаш есте ме
Мөлдіреген бұлақ басында?
Ойламаймын өзге ештеңе,
Бірге жүрсең болды қасымда.
Секілдіміз серік қос кеме
Қатар жүзген келер ғасырға.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуанамын сені көргенде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қуанамын сені көргенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуанамын сені көргенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуанамын сені көргенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері