Сабырсыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сабырсыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1491
Кітап оқу дегенді
Ұғады інім өзінше.
Жатқа айтады өлеңді
Көпшіліктің көзінше.
Оңашада ол енді
Жұмған аузын ашпайды.
Кітап көрсе көлемді,
Кері итеріп тастайды.
Бұл нең десе, міз бақпай:
«Оқығаным, – дейді, – тез».
Тамақты да мұздатпай,
Ыстық күйі жейді тез.
Асықпайды ол, бірақ,
Оянуға ертерек.
Түске дейін қолбырап,
Жатып алар «ерте» деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабырсыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сабырсыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сабырсыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабырсыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері