Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Серік

Бұл бетте «Серік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1869
Жаздан кейін Серікті
Кімдер қайдан көріпті?
Жайлаудан ол қалаға
Қап-қара боп келіпті.
Білектері балғадай,
Екі беті алмадай.
Қандай жұмыс болса да,
Атқарады талғамай.
Көрсе болды қарасын:
«Қарасың, – деп, – қарасың», –
Кейбір бала күлді оған,
Байқамай өз шамасын.
«Қора қышын құйыстым,
Малдың шөбін жиыстым.
Қамыс орып, атамның
Жауып бердім үй үстін.
Қолда қалқан қалағым,
Қабырға да қаладым.
Деді Серік мақтанып, –
Міне, содан қарамын».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Серік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері