Төлдермен тілдесу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Төлдермен тілдесу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2093
– Лағым-ау, лағым,
Неден шұнақ құлағың?
– Секіріп көп құладым,
Содан шұнақ құлағым.
– Қошақан-ау, қошақан,
Неден болдың шошаған?
– Қадалып көп ошаған,
Содан болдым шошаған.
– Құлыным-ау, құлыным,
Неден сұлу тұлымың?
– Сіміріп су тұнығын,
Содан сұлу тұлымым.
– Торпағым-ау, торпағым,
Неден болдың қорқағым?
– Қалбаңдаса қалпағың,
Содан қатты қорқамын.
– Ботақан-ау, ботақан,
Неден болдың момақан?
– Мен де өзіңдей балақан,
Момындықты жаратам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төлдермен тілдесу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Төлдермен тілдесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төлдермен тілдесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төлдермен тілдесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері